Жаңалықтар
Облыстық «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында» жаңа басшы
Темірханов Нұржан Самиғоллаұлы Қарағанды облысының филиалы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жаңа басшысы болып тағайындалды.

Нұржан Самиғоллаұлы 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Еңбек жолын 1988 жылы жергілікті жол мекемесінде қарапайым инженер болып бастаған. Соңғы жылдары «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» Маңғыстау облысы және Астана қаласы филиалдарында директор қызметін атқарған.
Айта кетейік, Қарағанды облыстық филиалының бұрынғы директоры Бидайбеков Айбол Жасұйымұлы енді Алматы қаласы филиалын басқаратын болады.
ortalyq.kz