Жаңалықтар

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына Айсұлу Ерниязова тағайындалды.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Айсұлу Ерниязова еңбек жолын 2015 жылы әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі жетекші маманы болып бастаған, содан кейін сол жерде жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі комитетті басқарған.

Әр жылдары Алматы халықаралық бизнес университетінің жастар саясаты орталығының басшысы, «Алматы еріктілер лигасы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, Халықаралық білім корпорациясының әлеуметтік даму департаментінің директоры, Jas Otan (Астана) жастар қанаты төрағасының орынбасары болған.

2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі болды.

Осы уақытқа дейін Астанадағы “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығы” ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button