Бас тақырыпБілім
Облыстың «Жайлы мектептеріне» қажет жиһаз Абай қаласында шығады
Кеше Абай қаласына облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапар барысында отандық компаниялардың шығарған өнімдерінің тұсаукесер рәсіміне қатысып қайтты.
Мұнда шығарылатын өнімдер «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептерге қажет жиһаздар. Сонымен қатар, Ербол Шымкентбайұлы арнайы мектептерді жабдықтау үшін жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың әлеуетін көрді.
Сондай-ақ, Абай қаласының Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейіне экскурсия жүргізіліп, қонақтар жиһаз өнімдерімен, мектептің оқу жабдықтарымен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша жеткізушілерге Samruk Kazyna өкілдерімен жиһаз өндіру мәселесін тағы пысықтау бойынша ұсыныстар айтылды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz