Ресми

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Қарағанды облысы ТЖ департаментінің «Жедел-құтқару жасағы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшы-құтқарушысы лауазымына Абильдинов Марат Өрікұлы тағайындалды.

2023 жылғы 22 қыркүйекте ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов жедел-құтқару жасағының жеке құрамына жаңа басшыны таныстырып, Марат Абильдиновты жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтады.

Марат Абильдинов 1979 жылы 26 қарашада Қарағанды облысы Шет ауданы Успенка ауылында дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолын қарапайым құтқарушыдан бастаған.

Ол көп жылдарды адамдарды құтқару жолындағы игі ісіне арнады. Жоғары білікті маман болып табылады, артында бай кәсіби тәжірибесі бар «1-дәрежелі маман құтқарушы» біліктілігі бар.

Мұрат Қатпанов жедел-құтқару жасағының жеке құрамы алдында сөз сөйледі. Ол өз сөзінде құтқарушылар өз өмірлерін қатерге тігіп, өздерінің азаматтық және адами міндеттерін орындайтынын және әрқашан авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын екенін атап өтті. Техниканы, жабдықтарды жетілдіру бойынша бірқатар міндеттер қойып, адам өмірін сақтап қалуда және өлім-жітімнің алдын алуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде басшы қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button