Ресми

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығымен Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Жанболатұлы Шәкенов тағайындалды.

Нұрлан Шәкенов 1978 жылы 24 қазанда Шет ауданында Ағадыр кентінде дүниеге келген.

Құқықтану, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Қызмет барысында әртүрлі басшылық лауазымдарда, соның ішінде кадр жұмысы бөлімшелерінде қызмет атқарған.

Бұған дейін Қарағанды облысы ТЖД Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы лауазымында болған.

 

ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов жеке құрамға Нұрлан Жанболатұлын таныстырып, оған кадр және тәрбие жұмысында жүктелген міндеттерді орындауда табыс тіледі.

Басқа материалдар

Back to top button