Ресми

Облыстық коалиция мүшелері Ақсақалдар кеңесімен кездесті

Облыстық коалиция мүшелері өңір тұрғындары мен еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді. Іс-шаралар Абай ауданында – «Абайская» шахтасының қызметкерлерімен, сондай-ақ Саран қаласында өтті. Онда қаланың Ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен және «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ еңбек ұжымымен кездесулер ұйымдастырылды.

Кездесулер барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат беріліп, оның негізгі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістердің қоғам дамуына, құқықтық институттарды нығайтуға және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге тигізетін маңызы айтылды.

Кездесулер жұмысына Қарағанды облысы бойынша ReWomen төрайымы Жібек Камали қатысып, елді тиімді реформалау мен дамыту жолында азаматтық белсенділіктің маңыздылығын атап өтті.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button