Руханият

Облыстық кітапханада «Грани таланта» танымдық сағаты өтті

Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Жас өлкетанушылар» үйірмесінің қатысушыларымен көрнекті ғалымдар Әбілқас Сағынұлының 110 жылдығына және Георгий Пивеньнің 80 жылдығына арналған «Грани таланта» танымдық сағаты өтті.

Сурет ұйымдастырушылардан

Танымдық сағат оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырумен қатар, қазақ ғылымын дамытуға сүбелі үлес қосып, мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, соңында өшпес із қалдырған айтулы тұлғалардың еңбегімен таныстыру және наси-хаттау мақсатында ойын форматында ұйымдастырылды.
«Өз өлкеңді таны» кезеңінде қатысушылар пазл құрастыру арқылы тұлғаларды анықтаса, «Ғылымға өмірлерін арнаған» бөлімінде ғалымдардың өмір жолы, ғылыми еңбектері мен ел ғылымы мен білімінің дамуына қосқан үлесі туралы мол мағлұмат алды. Шара барысында қатысушыларға Әбілқас Сағынұлы мен Георгий Пивеньнің ғылыми мұралары таныстырылып, арнайы дайындалған бейнефильм көрсетілді. Бұдан бөлек, қос ғалымның өмірі мен шығармашылығын және олар туралы естеліктерді қамтитын кітап көрмесі жұрт назарына ұсынылды.
Танымдық сағат соңында оқушылар өнегелі тұлғалардың өмір жолынан тағылым алып, ғылымға деген қызығушылықтарының оянғанын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді

Жәлел ШАЛҚАР
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button