АймақҚарағанды

Облыстық экономика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының экономика басқармасының басшысы болып Дулат Кәрімұлы Әшкенов тағайындалды.

Сурет: облыс әкімдігінің сайтынан

Кадрлық өзгерістер туралы аппарат отырысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев хабарлады.

Дулат Әшкенов – қарағандылық. Оның екі жоғары білімі бар: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «көлік, көліктік техника және технология» мамандығы бойынша және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметте 14 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

Әр жылдары Қарағанды облысының жол-көлік инфрақұрылымы мен жолаушылар көлігін дамыту бойынша мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді. Елордада Есіл ауданы әкімінің аппаратында, қалалық ортаны қалпына келтіру басқармасында жұмыс істеді, активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасында басшылық қызметтерде болды. Содан кейін Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасында жұмыс істеді – алдымен басшының орынбасары, 2024 жылдың мамырынан бастап қазіргі тағайындауға дейін сол мемлекеттік мекемені басқарды.

Басқа материалдар

Back to top button