Облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінде – жаңа басшы
Қарағанды облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып Санат Қабиденұлы Мусин тағайындалды. Жаңа басшыны облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте таныстырды.

Санат Мусиннің еңбек өтілі 26 жылдан асады. Соның ішінде 19 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызмет саласында қызмет етіп келеді.
Әр жылдары атқарушы билік органдарында түрлі лауазымдарды атқарған. 2003 жылдан бастап сот орындаушылығы, құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік басқару бағыттарында қызмет етті.
2012 жылдан бері оның кәсіби қызметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен байланысты. Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаментінде әкімшілік және қаржылық жұмыс бөлімін, кейін білім беру қызметін лицензиялау бөлімін басқарды. Сондай-ақ, Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаменттерін басқарып, мол тәжірибе жинақтады.