Облыстық білім басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Қарағанды облысының білім басқармасының жаңа басшысы болып Гүлбақыт Жүнісова тағайындалды.
Гүлбақыт Жүнісова 1977 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Жоғары ғылыми-педагогикалық білімі бар, Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі магистрі.
Еңбек жолын 1999 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастады, кейін колледжде педагогика оқытушысы және әдіскер болып жұмыс істеді. Қарағанды облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімін басқарды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны мен әдіснамасы басқармасының басшысы болды.
2020-2022 жылдары Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2022 жылдың желтоқсанынан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Білім Министрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы қызметінде болды.
Материалды әзірлеген: Аида РАХЫМҚҰЛОВА