Облыстық білім басқармасында – жаңа басшы
Облыстық білім басқармасына жаңа басшы болып Дулат Шайкенұлы Жекебаев басқарады. Жаңа басшыны облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте таныстырды.

Дулат Жекебаев кәсіби еңбек жолын 1997 жылы география және тарих пәндерінің мұғалімі болып бастаған. Мемлекеттік қызмет саласындағы жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады.
Ол әр жылдары білім беру жүйесінде бірқатар жауапты лауазымдарды атқарды. Осакаров ауданының білім бөлімінің басшысы, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары қызметінде және Қарағанды қаласының білім бөліміне жетекшілік етті. Сонымен қатар, Қарағанды облысы мен Астана қаласының Білім басқармаларында басшының орынбасары қызметін атқарған.
2019–2025 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. Бұл кезеңде ол комитет төрағасының орынбасары, министрлік аппаратының жетекшісі болды. Соңғы қызметінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.