Руханият

Облыстық бейнелеу өнері музейінде «Мұражайдағы түн» акциясы өтеді

18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күні. Осы күнге орай облыстық бейнелеу өнері музейінде «Мұражайдағы түн» акциясы өтпек. Және шығармашылық адамдарды ынтымақтастық құруға шақырады.

– Біз суретшілерді, актерлерді, музыканттарды және басқаларды ынтымақтастыққа шақырамыз. Биыл 35 жылдық мерейтойымызға орай актерлер мен музыканттар өздер көрсетуге, таланттарын паш етуге мүмкіндік беретін ауқымды шара ұйымдастырмақпыз. Атап айтқанда, суретшілер өнердің стилі мен заманауи үрдістерін ашатын өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, біздің базада шеберлік сабақтарын өткізуді ұсынамыз, – дейді музей директоры Бибігүл Құдабаева.

«Мұражайдағы түн» акциясына қатысуға өтінімдер 14 сәуірге дейін қабылданады. 8-12 мамыр аралығында жұмыстар қабылданады. Ал, 12 мамырда іріктеу өтеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button