АймақҚарқаралы

Облыстың бас имамы Қарқаралыдағы жаңа мешіт құрылысымен танысты

Қарқаралы ауданына арнайы іс-сапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы жергілікті өңірде салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Суреттер: ihsan.kz

Аудан имамы Митератбек Орынбекұлы  іргесі көтеріліп, құрылысы аяқталуға жақын қалған құлшылық үйін жан-жақты аралатып, құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды.


Бой көтеріп жатқан жаңа құлшылық үйімен таныс болған облыс бас имамы  Естай Айтуғанұлы мешітті жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді.  Сондай-ақ, мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.

Айта кетсек, құлшылық үйінде бір мезетте 400 адам намаз оқи алады. Мешітте ерлер және әйелдер намаз залынан бөлек, имамдар бөлмесі мен Құран оқу бөлмесі қамтылған. Мешіт құрылысынан бөлек ғимаратының жанынан арнайы имамға арналған пәтер, дәретхана құрылысы және асхана бой көтермек.

 Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button