Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын Саят Мусин басқарды. Бұған дейін ол Абай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Саят Мусин 2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

Ветеринарлық қызметте әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. АӨК мемлекеттік инспекциясының бас маманы-ветеринар дәрігері, Абай ветеринариялық станциясы директорының м.а., Қарағанды облысы ветеринария басқармасы бастығының орынбасары болды.

2018 жылдың қазан айынан бастап осы тағайындауға дейін Абай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.