Ресми

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында – жаңа басшы

Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Әнуар Дулатұлы Тюлюбеков тағайындалды.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Әнуар Дулатұлы 2015 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «агроном» мамандығы бойынша және 2017 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

2015 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының жерді пайдалануды жоспарлау және болжау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2018–2021 жылдар аралығында Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасында жер учаскелерін беру және алу бойынша ұсыныстарды дайындау бөлімін басқарды.

2021 жылдан бастап осы күнге дейін Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ведомствоның бұрынғы басшысы Саят Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button