Бас тақырыпЖаңалықтар

Облыстық «Алтын тай-2023» бәйгесінде Шет ауданының сәйгүлігі Жезкиік бас жүлдені иеленді

Жақында Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында өткен облыстық «Алтын тай-2023» бәйгесінде Шет ауданының тумасы Жанұзақ Қабдидің сәйгүлігі – Жезкиік бас жүлдені иеленді.

 

 – Әкем марқұм жылқыны өзіне ертеден-ақ серік еткен. Оны ерекше қадірледі. Қазақтың жаратылысы жылқымен сабақтас екендігін жете түсінген әкем мені бала кезімнен шабандоз ретінде тәрбиеледі. Әкем баптаған талай арғымаққа шабандоз болдым. Бүгінде мен де жылқы ұстап, жүйрік баптап, бәйгеде бақ сынап жүрген жайым бар. Жезкиікті жарысқа биыл ғана қостық. Егіндібұлақ жеріндегі өткен жарыстан бөлек бұған дейін қанжығаға бөктерген 4 жүлдесі бар, – дейді Жанұзақ Байзақұлы.

Жезкиікті Қайрақты ауылының тумасы Сұлтан Тойғанбек деген атбегі жаратқан. Ал, бәйгеге Еркіндік ауылының атынан түсті.


Ат баптау – ежелден қазақтың қанына сіңген өнер. Спортшыларды қалай жарысқа дайындаса, тұлпарды да тап солай баптаймыз. Оған берілетін тамаққа дәрумендері сай болу керек. Ат баптауға да біліктілік, шеберлік, үлкен жүрек, тәуекел керек. Аттың бағын алдымен бабы мен шабандоз ашады. Шабандоз – Мейір есімді мықты бала. Оралдан келген. Біраз белестерді бағындырған, – дейді бапкер.

Тұлпарлар мен олардың шабандоздары аламан байгеде – 20 щақырым, құнан бәйгеде – 9 шақырым және тай жарыста – 6 шақырымға шапты. Бұл санаттағы бас жүлде – жеңіл автокөлік.

Жарысқа Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан 70 сәйгүлік қатысқанын айту керек. Оның 40-ы тай жарыста бағын сынады.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button