Жаңалықтар
Облыста – жаңа прокурор
Жуырда облысқа жаңа прокурор тағайындалды. Бұл қызметке Ибырай ТІЛЕУҒАЛИЕВ орналасты.
Басшы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен тағайындалды.
И.Тілеуғалиев 1965 жылы Ресей Федерациясының Қорған облысында туған. 1990 жылы Свердлов заң институтын бітіріп, еңбек жолын Қорған қалалық прокуратурасында бастаған.
1992 жылы Қостанай қаласына қоныс аударып, Қостанай және Ақмола облыстары прокурорының орынбасары қызметіне дейін көтерілген.
2007-2010 жылдары И.Тілеуғалиев ҚР Бас прокуратурасындағы түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Осы тағайындауға дейін, 2010 жылдан бастап Ибырай Әшімханұлы еліміздің Бас көлік прокуроры болған.
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ