Облыста қызылшаның 341 жағдайы тіркелді
Облыста қызылшаның тіркелу жағдайлары жалғасуда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 сәуірдегі жағдай бойынша қызылшаның 341 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлес салмағы 86,2% құрады.

Ауру вакцинацияланбаған балалар арасында тіркелуді жалғастыруда, олар 85% немесе 290 адамды құрады. Олар келесі себеппен егілмеген: екпеден бас тартулар – 42%, жасына қарай – 34,8%, медициналық қарсы көрсетілімдер -11,7% және егу мәртебесі белгісіздер 11,3%.
Қосымша жаппай иммундау аясында облыста 6 айдан 11 айға дейін 1471 бала (34,1%), толықтыра иммундау бойынша 2284 бала (58,2%) егілді.
Облыстық көрсеткіштердің артуымен негізгі сырқаттанушылық Қарағанды және Балқаш қалаларында, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында байқалады.
Облыста қызылша бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты аурудың белгілері пайда болған кезде келесілер ұсынылады:
– өзіңіз емдемеңіз, дәрігерді үйге шақырыңыз және дәрігердің нұсқауы бойынша ем алыңыз;
– үйде болу, жұмыс және оқу орындарына, сондай-ақ қоғамдық орындарға және мәдени-бұқаралық іс-шараларға бармау, оның ішінде амбулаториялық емделіп жатқан адамдар үй оқшаулауын қатаң сақтауы тиіс;
– аурудың алғашқы клиникалық белгілері болған кезде ауру балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептерге және т.б. жібермеу.
Қызылшаға қарсы вакцинация – қызылша инфекциясын, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал.
Қызылшаға қарсы вакцинаның әр дозасы баланың иммунитетін күшейтеді!
Гүлжан БАЙГУТАНОВА
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары



