АймақБас тақырыпҚарағанды

Облыста ұлттық спорт түрлерінен IV облыстық фестиваль өтеді

Ертең, 22 шілде күні Қарағанды облысында ұлттық спорттың үздік дәстүрлері мен рухын дәріптейтін маңызды спорттық-мәдени шаралардың бірі – IV облыстық ұлттық спорт түрлері фестивалі өтеді. Ауқымды дода Бұқар жырау ауданының Құрылыс ауылында ұйымдастырылады. Шара екі күнге созылмақ.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Фестивальге өңірдің барлық аудандары мен қалаларынан үздік спортшылар қатысады. Қатысушылар ұлттық спорттың оннан астам түрінен бақ сынайды: көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, қазақ күресі, жекпе-жек, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, аламан бәйге.

Шараның алғашқы күні, 22 шілдеде сағат 10:00-де іріктеу кезеңі басталады. Ал, 23 шілде күні сағат 12:00-де Құрылыс ауылындағы орталық алаңда фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Осы күні жарыстардың финалдық кезеңдері ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Фестиваль – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мен жастар арасында танымал етуге бағытталған маңызды жоба. Сонымен қатар, бұл шара өңірде бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын дамытудың тағы бір жарқын үлгісіне айналмақ.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button