Жаңалықтар

Облыста әкесінің пәтерінде қарасора өсірген тұрғын анықталды

Қарағанды облысында полицейлер 70 жастағы зейнеткердің пәтерінен заңсыз қарасора өсірілген орынды әшкереледі. Тінту барысында үй жағдайында арнайы жабдықтармен күтіп-бапталған бұталар табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өсімдіктер зейнеткердің 33 жастағы ұлына тиесілі деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі polisia.kz- ке сілтеме жасап. 

Сурет polisia.kz

Күдікті қарасорды күзде тұқымнан өсіріп, әкесінің пәтерінде шағын жылыжай ұйымдастырғанын мойындады. Полицейлер қарасора өсірілген құмыралар мен микроклиматты қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды, сондай-ақ кептірілген өсімдіктерді тәркіледі.

Қазір күдіктінің әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалып, медициналық емес мақсатта есірткі тұтынғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Материаалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button