Бас тақырып

Күн райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

2026 жылғы 6 қаңтар сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлім етті.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қарағанды облысы:

– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы – Павлодар облысының шекарасы);

– «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231–324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);

– «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 51-101 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Нұра елді мекеніне дейін).

Ақмола облысы:

«Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 35-51 шақырым аралығы (Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысы шекарасы).

Павлодар облысы:

– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы).

– «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы).

Жолды 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 22:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button