Ресми
Облыста газдандыру жүйесі қарқынды жүргізілуде
Бүгінде өңір тұрғындарын орталықтандырылған көгілдір отынға қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ақпараттарға сүйенсек, газ тарату желілері 5,5 мың жеке үйге жеткізілген. Ал, Қарағанды мен Теміртаудағы үшінші іске қосу кешені бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев:
– Қарағанды мен Теміртау тұрғындарының әлеуметтік осал топтарының үйлерін газға қосу үшін бір реттік төлемдер бөлінді. Барлығы – 86 млн теңгеге. Оларды 225 отбасы алды. Жеке сектор тұрғындарын газға қосуға арналған пайызсыз қарыздың арнайы бағдарламасы әзірленді, – деді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz