Облыста «Бекет-2025» кешенді оқу-жаттығуы басталады
31 шілде мен 8 тамыз аралығында Қарағанды облысында жыл сайын өткізілетін жоспарлы ведомствоаралық оқу-жаттығу — «Бекет-2025» бастау алады.

Іс-шара аясында шартты дабыл бойынша күш құрылымдарын шұғыл жұмылдыру, әскери және арнайы техниканың колонналық қозғалысы, сондай-ақ әртүрлі қызметтердің үйлестірілген іс-қимылдарын пысықтау көзделген.
Оқу-жаттығудың мақсаты — жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау және арнайы қызметтердің төтенше жағдайлар мен ықтимал қауіп-қатерлерге жедел әрі тиімді әрекет ету дайындығын тексеру.
Жоспарға сәйкес, оқу-жаттығу барысында әскери техниканың көшелерде пайда болуы мен көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Осыған байланысты тұрғындардан сабырлық танытып, тек ресми дереккөздерге сенуге және уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауға шақырады. Барлық шаралар оқу-жаттығу шеңберінде жүргізілуде және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау және оқу-жаттығуға тартылған мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындау — әрбір азаматтың міндеті екені еске салынады.