Жаңалықтар

Облыста қант пен қарақұмық бағасы тұрақтанады

Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің көтерме сауда нарықтарына баса назар аудара отырып, азық-түлік тауарларының баға белгілеуінің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеуге қатысты жүргізіп жатқан жұмысы шеңберінде, нарық субъектілерінен ұсынылған ақпарат негізінде 2021 жылғы қаңтар – шілде кезеңіндегі қантты көтерме саудада өткізу және қарақұмық жармасын (таразылап) өткізу бағаларын қарады.

Талдау барысында “Ер Ай 2012” ЖШС келесі супермаркет желілеріне “Osten” ЖШС, “Magnum Cash&Carry” ЖШС, “Пищеторг” ЖШС қантты және қарақұмық жармасын (таразылап) әртүрлі бағамен сататыны анықталды.

Осылайша, “Ер Ай 2012” ЖШС іс-әрекетінде Кәсіпкерлік кодекстің монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде бұзушылық белгілерін, атап айтқанда, нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келісімдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлі бағаларды не әртүрлі шарттарды қолдануды көрсетті.

Анықталған бәсекелестік заңнаманы бұзушылық белгілерінің негізінде монополияға қарсы Департамент “Ер Ай 2012” ЖШС атына оларды жою туралы хабарлама енгізді.

Бүгінгі күні хабарлама орындалды. “Ер Ай 2012” ЖШС хабарламаларды ұсынуға негіз болған жағдайларды болдырмау мақсатында әр түрлі бағаларды қолдануға жол бермеуге міндеттейді.

Басқа материалдар

Back to top button