Аймақ

Облыста 72 шақырым жол жөндеуден өтеді

Биыл Қарағандыда жаз соңына дейін 72 шақырым жол төсемін жөндеу жоспарлануда. Михайловка, Берлин кенті, Федоровка және қаланың басқа бөліктеріндегі 50 көшеде асфальт төселмек.

 

Жол жөндеу бойынша ең үлкен жоба – Ғарышкерлер көшесін қайта құру болып табылады. Жоба екі жылға есептелген. Жұмыстар Бұқар жырау даңғылынан “Вавилов” көшесіне дейінгі аралықта басталды. “Kvintec construction” ЖШС мердігер компаниясы “Высоковольтная” көшесіне дейінгі жолды төрт жолаққа дейін кеңейтуі тиіс.

– Жоба тек жолды қайта құруды ғана емес, сонымен қатар нөсерлі кәрізді салуды да көздейді. Қазір асфальт төсеуге шамамен 300 метр дайын. Біз жолды бөліктерге бөлеміз. Биыл шамамен 1,2 шақырым жолды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жолдың ұзындығы шамамен 3,7 шақырым. Біз бұл жолға жоғары сапалы ресейлік битумды қолданамыз. Қайта жөндеу кепілдігі – бес жыл. Біздің компания нарықта 20 жыл жұмыс істеп келеді. Жұмыстың сапалы жұргізілетініне уәде береміз, – дейді “Kvintec construction” ЖШС жоба жетекшісі Геворг Согоян.  

Сондай-ақ, Ғарышкерлер көшесін қайта құру жобасы техникалық тротуарларды жайластыруды және жарықтандыру тіректерін ауыстыруды көздейді. Нөсер арналарының бойында автономды тазарту инженерлік құрылыстары – НТҚ орнатылады.

Жаңа нөсерағарлар “Вавилов” көшесінде, сондай-ақ Нефтебаза аймағында салынады. Құрманғазы, Орск және Резник көшелерінде 15 км нөсер кәрізін салу жеке аулаларды еріген қар суы басу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қалада Республика даңғылы (Гудермесская көшесі – К. Дүйсембеков көшесі), Шахтерлар (Тәттімбет көшесі – Республика даңғылы), Н. Әбдіров (Гоголь көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі кіші жолағы) және Гудермесская, Солнечная, Әлиханов көшелеріндегі автожолдарды орташа жөндеу жоспарланған.

Сонымен қатар, биыл Қарағанозек (Үлкен Михайловка) станциясындағы теміржолдың үстінен жаяу жүргіншілер көпірі салынбақ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button