Бас тақырып

Облыста 500-ден астам жазасын өтеушіге рақымшылық жасалуы мүмкін

Қарағанды облысында рақымшылық аясында қазірге дейін 12 адам бостандыққа шықты, тағы 40 сотталушының жазасы қысқартылды.

Сурет www.lada.kz

Қарағанды облысында Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық шеңберінде 530 сотталған адамға жеңілдік берілді. Олардың ішінде 115 адам толықтай бостандыққа шығарылса, 415 адамның жазасы қысқартылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, рақымшылық тек жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстарға қатысты қолданылады. Әр іс бойынша шешім жеке тәртіпте сотта қаралып, құқықбұзушылықтың сипаты мен сотталған адамның түзелу деңгейі ескеріледі.

Бүгінгі таңда соттар 52 сотталушының ісін қарап үлгерді. Соның нәтижесінде 12 адам жазадан толық босатылды, ал 40 адамның жаза мерзімі қысқартылып, олардың кейбірі бостандыққа шықты.

Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар, сыбайлас жемқорлыққа немесе қайталанған қылмысқа барғандар рақымшылыққа ілінбейді.

Облыста рақымшылықты іске асыру жалғасып жатыр. Қалған сот істері қаралған соң, бұл науқанның нақты қорытындылары жарияланатын болады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button