Ресми
Облыста 3 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерге ие болады
Қарағанды облысында көлемді құрылыс жұмыстары жалғасын табады. Биыл кезекте тұрған 3 мыңнан астам әлеуметтік қорғалатын отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК халықпен есептік кездесуінде айтты.
– Халықты толғандыратын басты мәселе – тұрғын үй және инфрақұрылым. Облыста 36 мыңнан астам азамат әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұр. Біздің міндетіміз – барынша көбірек құрылыс жүргізу. Өткен жылы өңір бойынша ауқымды құрылыс жұмыстары өтті. Рекордтық 530 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. 6 500-ге жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты, – деді облыс әкімі.


