Бас тақырыпБасты тақырып

Облыста 1200-ден аса отбасы жаңа пәтерге қол жеткізеді

2023 жылдан бері Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға арналған баспана жеке құрылыс нысанын салушылардан тікелей сатып алынады. Бұл жұмыстар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Биыл Қарағанды облысында кезекте тұрғандар үшін – 1 231 пәтер сатып алу жоспарланған деп хабарлайды https://ortalyq.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Қарағанды қаласында өткен жылы – 381 пәтер, биыл – 567 пәтер (1,5 есе өсім) сатып алынған. Сондай-ақ Балқаш қаласы бойынша  – 94, Саранда – 90, Приозёрскте – 24, Теміртауда 25 пәтер алынған.
Аудандар бойынша Шет ауданында 92 пәтер сатып алынған, жыл соңына дейін тағы 32 пәтер қосылады.
Абай ауданында 129 отбасы баспаналы болады.

Пәтер тек тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Әлеуметтік осал топтар бірінші кезекте қамтылады. Тұрғын үйді сатып алу және бөлу рәсімі қолданыстағы заңнамаға сай жүргізілетіндіктен, сатып алынатын баспаналар ІІІ–IV жайлылық санатына, таза әрлеумен әрі барлық құрылыс талаптарына сай болуы қажет.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button