Облыс ұстаздары алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін үйренді
Білім басқармасының педагогтерге алғашқы көмек көрсету тәсілдерін игеруге бағытталған жобасын іске асыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Мир добра» ҚБ мамандары Теміртау қаласында облыстық білім беру ұйымдарының педагогтерімен практикалық тренингтер өткізді.

Тренингтерге арнайы мектеп-интернаттардан, «Озат» ММИ, №2 оңалту орталығынан, №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінен 184 педагог қатысты.
Тренингтер барысында ұстаздар баланың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда әрекет ету және алғашқы көмек көрсету дағдыларын ала отырып, зардап шеккен адамның өмірлік маңызды функцияларын тексеруді, зақымдану мен жарақаттану сипатын анықтауды үйренді.
Бұл жоба 2023 жылдың соңына дейін облысымыздың барлық өңірлерінің білім беру ұйымдарында 10 000 педагогті қамти отырып іске асырылатын болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz