Бас тақырыпБасты тақырып
Облыс орталығында 1 500 адамға арналған Конгресс-холл салынады
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Үсенұлының айтуынша, қазіргі таңда Конгресс-холл жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылуда.

– Қазір біз жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырудамыз. Ірі мәдени іс-шаралар өткізіп, белгілі әртістердің гастрольдік сапарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін үлкен залдардың болмауы қаланың дамуына айтарлықтай кедергі болғаны рас. Оны мойындау керек. Конгресс-холлдың салынуы мәдени инфрақұрылымдағы олқылықтың орнын толтырып, өңірдің мәдени өміріне тың серпін береді деп сенемін, – деді Әлібек Әлденей.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда техникалық және жобалық-сметалық құжаттары жасаулы бірқатар маңызды нысандарға арнап жаңа архитектуралық шешімдер әзірленуде.
Солардың ішінде, К.Станиславский атындағы орыс драма театрын, «Шалқыма» концерт залы мен цирк ғимаратын атап өтуге болады. Келесі жылы бұл тізімге С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры мен хайуанаттар бағы қосылады. Сонымен қатар, жақын арада Балқаштағы М.Хамзин атындағы Мәдениет үйін жаңғырту жұмыстары басталады.
Аяулым СОВЕТ