Бас тақырып

Аймақ басшысы облыс орталығын қардан тазалауды тапсырды

Облыс орталығының көшелері күрелген қарға толып қалған. Қар қалдықтары қала сыртына шығарылмай жатыр. Осыған байланысты қала тұрғындары тарапынан талай шағым да түсті. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев түскен шағым бойынша Қарағанды қаласы және екі аудан әкімімен бірлесе тексеру жұмыстарына шықты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жол жиегі, жаяу жүргіншілер аймағы тіпті, тротуарлар да қардан уақытылы тазармай жатыр. Одан қала берді аялдамалардың да жағдайы мәз емес.

Аймақ басшысы қала тұрғындарының шағымынан кейін жағдайды көзбен көріп қайту үшін Пришахтинск және Майқұдық көшелерін, соның ішінде жеке секторды тексерді. Және Оңтүстік-Шығыс пен Федоровканы да аралап шықты.

– Мен үнемі көшелерді аралап өтемін. Әлеуметтік желілерді, БАҚ-тан оқимын. Жолдарға қатысты сұрақтар белгілі бір деңгейде шешіліп жатқанын көрсек те, аялдамалар мен тротуарларға қатысты шағымдар көп екенін байқаймын. Бүгін екі аудан әкімдеріне қатаң ескерту жасадым. Бұл олардың тікелей міндеттері. Қала әкіміне де ескерту жасалды. Тұрғындар үшін жайлы жағдай жасалмаған, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы су тасқыны кезеңі жақындап қалғанын да еске салды. Әуелі, көшені қардан тазартып, кейін арналарды, нөсерағар жүйесін тазарту қажеттігін баса айтты.

Тексеру жұмыстары барысында су тасқыны қаупі бар барлық жер белгілі екенін атап өтті. Келесі жолы облыс әкімі қалада су тасқынына дайындық барысын тексеремек.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button