Ресми

Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Облыс әкімінің орынбасары лауазымын Бауыржан Асанов атқаратын болады. Жаңа орынбасар аграрлық-өнеркәсіптік кешен, жер, ветеринария және табиғатты пайдалану мәселелеріне жетекшілік етеді.

Бауыржан Асанов 1968 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1992 жылы К.И.Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академиясын, 2003 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады. 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында білім алды. Іскерлік әкімшілендіру докторы. Мамандығы бойынша ветеринар, заңгер, экономист.

2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әр жылдары Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерін, Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасын, Астанадағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты жұмыспен қамту департаментінің халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасын, Қарағанды облысының ветеринария басқармасын басқарды.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Абай ауданының әкімі болды.

Басқа материалдар

Back to top button