Қарағандыда облыс әкімінің орынбасары №17 референдум учаскесінде дауыс берді
Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында орналасқан №17 референдум учаскесінде облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей дауыс берді. Ол референдумға қатысып, өз таңдауын жасап, азаматтық міндетін орындады.

Дауыс беру рәсімінен кейін Әлібек Әлденей: “Әр адамның тағдыры өз қолында. Сондықтан оның бүгінгі таңдауы ертеңгі күнін айқындайды. Өз басым баламның болашағын білімді, жасампаз, тарихын қадірлеп, төл мәдениетін дәріптейтін қоғаммен байланыстырамын. Сол себепті азаматтық борышымды орындап, референдумда дауыс бердім. Осындай маңызды сәтте әр азамат өз ұстанымын білдіріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуі маңызды деп ойлаймын”, – деді.
Аталған учаскеде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Учаскеде бақылаушылар мен комиссия мүшелерінің жұмысы жалғасуда. Тұрғындардың дауыс беруіне қажетті жағдай жасалған.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



