Бас тақырып

Облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығына өтінім қабылданады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің  қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Алтын сұңқар» сыйлығын табыс ету байқауы өткізіледі.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Байқауға қатысуға Қарағанды облысының бұқаралық ақпарат құралдарында және Қарағанды облысында жұмыс істейтін қызметкерлер шақырылады.

Сыйлық келесі критерийлерді ескере отырып, мына номинациялар бойынша беріледі:

  1. «Мамандыққа адалдығы үшін» – кәсіби қызмет өтілі 20 жылдан артық, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы марапаттарының, құрмет грамоталарының,  озаттық белгілерінің, Қарағанды облысының қоғамдық ұйымдарының, кәсіподақтарының, діни бірлестіктерінің, мекемелері мен ведомствалардың ұсыным-мінездемесінің болуы; Сыйлықты өз мамандығына көп жылғы адалдығы, жоғары кәсібилігі және аймақтық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін жеке журналистке немесе журналистік ұжымға тапсырылуы мүмкін.
  2. «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» – жоғары адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, аға ұрпаққа құрмет көрсетуді насихаттағаны және тәрбиелегені, соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін дәріптегені, қоғамдық тәртіп пен жұмысшы кәсіптерін насихаттағаны, мәдениет және өзін-өзі ұстау нормаларын сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды насихаттағаны үшін;
  3. «Объектив шебері» – бұл номинацияда материалдың көркемдік құндылығы, бейненің статикалық еместігі және динамикасы, фото/бейнесуреттің берілген ақпаратқа сәйкестігі жеңімпазды анықтау критерийі болып табылады;
  4. «Ауыл тақырыбын үздік жариялау» – ауылдық өңірлерді, Қарағанды облысының және жалпы Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын насихаттауға және дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сапалық әрі сандық жағынан жариялау;
  5. «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы тақырыптарды сапалық және сандық жағынан жариялау, сондай-ақ материал беруі мен кәсібиліктің бірегейлігі;
  6. «Өндіріс тақырыбын үздік жариялау» – кәсіпкерлікті қолдауды, шағын және орта бизнесті, индустриалды-инновациялық саясат, кластерлік бастама тақырыптарын дамытуды сандық және сапалық жағынан жариялау;
  7. «Алғашқы табыстары үшін» – ұсыным-сипаттама түрінде ресімделген әріптестерінің, шығармашылық одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің құрметіне бөленген жас журналистің өзі көтерген мәселелерді жариялаудағы біліктілігі, кәсібилігі;
  8. «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» – БАҚ-ты және/немесе жеке жобаны, материалдар сериясын ұйымдастырудағы үздік идея, бағдарлама, шығармашылық тәсіл үшін берілетін номинация;
  9. «Мәнері мен атқарымдылығы үшін» – техникалық және шығармашылық қызметкерлерге: жоғары кәсіби деңгейдегі дыбыс режиссерлеріне, режиссерлерге, корректорларға, беттеушілерге, инженерлерге, дизайнерлерге, бейнеинженерлерге арналған номинация;
  10. «Әлеуметтік желілердегі өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» – мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын жүйелі, сапалы жариялаған, облыстың әлеуметтік өмірін әлеуметтік желілерде қамтыған БАҚ өкіліне, блогерге арналады.

Сыйлықтар Қарағанды облысы әкімінің  сыйлығына лауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның шешімімен конкурстық негізде тағайындалады.

Сыйлық Қарағанды облысының журналистік қоғамдастығының дауыс беру нәтижелері бойынша конкурстық негізде арнайы https://altynsunkar.akimat09.kz/#nominations интернет-парақшада тағайындалады.

Сыйлыққа үміткерлерді ұсынуды газет-журнал редакциялары, телеарналар, радиостанциялар, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, сондай-ақ журналистер мен БАҚ қызметкерлері  өздерін дербес ұсынады.

 Байқауға қатысу үшін қатысушы http://altynsunkar.akimat09.kz/#nominations-ғы сауалнаманы толтырып, Word-құжатында фотосуретін, өмірбаянын және ақпараттық материалдарын (өздерінің жарияланған журналистік еңбектерінің сілтемелері) тіркеуі қажет.

Бір автор екі номинацияға ғана қатыса алады.

Әр түрлі жанрдағы материалдар (очерк, сұхбат, мақалалар, теле- және радио хабарлары, әлеуметтік тергеулер және басқалар), сондай-ақ жарияланымдар мен хабарлар циклдары қабылданады.

Байқауға өтінімдер 2025 жылғы 3 – 10 маусым аралығында http://altynsunkar.akimat09.kz/#nominations интернет-парақшасында қабылданады.

БАҚ қызметкерлеріне арналған Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаттарын іріктеу жөніндегі ережеге сәйкес сыйлықты алғаннан кейін жеті жыл ішінде сыйлыққа қайта ұсынуға жол берілмейді.

Басқа материалдар

Back to top button