АймақБас тақырыпҚарағанды

Облыс әкімі жеке қабылдау өткізді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңір тұрғындарының жеке қабылдауын өткізді. Мәселелерін шешу үшін облыстың әр түкпірінен тұрғындар келіп, сұрақтарын қойды. Биылғы қабылдауда тұрғын үй мәселесіне қатысты өтініштер басым болды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Осы тақырып бойынша мүгедектер, көпбалалы аналар, өрт салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындар және тұрғын үйге мұқтаж зейнеткерлер жүгінді. Оларға тұрғын үй беру мәселелерінің кезек тәртібімен шешілетіні жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, өңірді көгалдандыру, Приозёрск қаласындағы көпқабатты үйдің сыртын жөндеудің сапасына қатысты мәселелер, сондай-ақ жеке құрылысқа арналған жер учаскесін алу туралы сұрақтар қозғалды.

Кездесу мемлекеттік құрылымдар мен облыстық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Негізгі сұрақтардың басым бөлігі сол жерде шешімін тапты. Толығырақ қарауды қажет ететін мәселелер заңнамаға сәйкес әрі қарай шешілу үшін бақылауға алынды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button