ЖаңалықтарОблыс әкіміРесми

Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК баллон газы бағасының төмендетілетінін айтты

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Баллондардағы газдың бағасы бойынша көптеген өтініштер түсуде. Шынында да, қазір тек автомобиль газының бағасы белгіленді. Сондықтан, біз кейбір газ желісі ұйымдарымен бірлесіп, баллон газының да бағасын төмендету туралы шешім қабылдадық.

Бүгінгі күнде 8 компания тарапынан түсіністік бар. Олар – «AlemGaz» ЖШС, «Темір-Газ», «УГХ ГАЗOIL» , «Хантер АГЗС», «Автогаз Трэйд», «С-Мұнай», «KazEcoGaz LTD17» және «Алпамыс Атырау». Бұл компаниялар газды литріне 70 – 105 теңгеден сатуда.
Мысалы, Қарағандыда «AlemGaz»ЖШС баллондарды 1500 теңгеден 3000 теңгеге дейін жеткізу бағасынсыз сатуды бастады.
Теміртауда 25 литрлік баллон 2 500 теңге, 50 литрлік баллон 5 000 теңге тұрады.
Жезқазғанда балонды газдың бағасы 130 теңгеден 88 теңгеге дейін төмендеді.
Балқашта баллон газының бір литрі 85 теңге тұрады.

Осы компаниялардың басшылығына түсіністік пен әлеуметтік жауапкершілік үшін алғыс айтамын. Баллонды газ бағасын төмендету бойынша жұмыс барлық өңірлерде басқа компаниялармен де жалғасатын болады.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button