АймақБас тақырыпШахтинск

Облыс әкімі Шахтинск қаласы тұрғындарымен кездеседі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Өңір басшысы кездесуден соң, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2025 жылғы 24 шілде күні сағат 16.00-де Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) (8-72156) 5-38-79 телефоны арқылы және sh_org@akimat09.kz kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.

Басқа материалдар

Back to top button