Бас тақырып

Облыс әкімі Пришахтинск көшелерін жаяу аралады

Бүгін аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласының және Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдерімен Пришахтинск көшелерін жаяу аралап, санитарлық жағдайын көріп қайтты. Атап айтсақ, 21, 22 және 23-ші шағын аудандардың ауласына арнайы кіріп, аула ахуалын көрді.

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Облыс әкімі бұған дейін Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігін, Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның көшелерімен жаяу жүріп өткен болатын. Бұл шара арнайы жоспарланбаған.

Тек, облыс әкімі қала тұрғындарының жағдайын, көше ахуалын көру үшін осындай дүниені қолға алған. Бұл жолы Пришахтинскіге барып, қоқыс қалдықтарына қатысты бірнеше мәселенің барын байқады.

Пришахтинскідегі қатты қалдықтарды сыртқа шығаратын – «Recycling» компаниясы. Ал, бұл компанияның жұмысына тұрғындардың шағымы көп. Нақты айтар болсақ, тұрғындар аталмыш компаниямен келісімге отырған. Қоқыс контейнерлері лезде толып қалғандықтан, тұрғындар еріксіз қалдықтарды сыртқа тастауға мәжбүр. Себебі, компания қоқысты уақытылы шығармайды. Осы мәселені аймақ басшысына айтып, көмек көрсетуін өтінген.

Аймақ басшысы бұл мәселені көзбен көрді. Кейбір аулалардың қоқысқа көміліп жатқанын да баса айтты. Әрі аудан әкіміне қалада тәртіп орнатуға тапсырма берді. Ал, аудан әкімі тұрғындарға қоқысты бірлесе тазалауға шақырды.

– Бізде Пришахтинскінің барлық ауласы көгалдандырылған. Біз жұмысымызға кіретін нәрсені жасаймыз. Бірақ тұрғындар да атсалысып, тазалықты қадағалау керек, – деді қала әкімі Мейрам Қожухов.

Ермағанбет Қабдуллаұлы аулалардың бірінде ерімеген қарды шығарып жатқан тұрғынмен кездесіп, әңгімелесті. Осы мәселеге қатысты аудан әкіміне ерімеген қарды шығаруды жүктеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button