Облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының құттықтауы
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – біздің бірлігіміз бен тұтастығымыздың символы. Ол әрбір қазақстандық үшін қымбат. Бүгінде біздің бірлігіміздің, өзара келісіміміздің арқасында еліміз тұрақты дамуда. Бір шаңырақ астында татулықта өмір сүре отырып, біз дәстүрлерімізді сақтап, Тәуелсіздігімізді нығайтуға мүмкіндік алдық. Мұның бәріне Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуінің негізінде қол жеткіздік.
Дана халқымыз «Бірлік болмай тірлік болмас» – деп бекер айтпаса керек. Шынында да, достық пен келісім мақсатқа қол жеткізудің, өркендеу мен дамудың басты кілті болып табылады. Біздің басты міндетіміз – бірлігімізді сақтай отырып, жарқын болашақты құру. Қазақстандық қоғамның осы мызғымас құндылықтарын сақтау – біздің басты міндетіміз.
Осы айтулы күнмен сіздерді және жақындарыңызды құттықтай отырып, барлықтарыңызға зор денсаулық, өркендеу мен бақыт тілейміз, шаңырақтарыңыздан шаттық пен береке кетпесін! Мереке құтты болсын, қымбатты қарағандылықтар!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі,
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.