Облыс әкімі мен мәслихат төрағасының құттықтауы

Құрметті аналар мен арулар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күні біз өмірімізге мән сыйлайтын әжелерімізге, аналарымыз бен әпке, қарындастарымызға олардың жан жылуы мен қолдаулары үшін алғыс білдіреміз.
Сіздердің аяулы ана, отанасы, жар ретіндегі даналықтарыңыз бен мейірімдеріңіз, шыдамдылықтарыңыз біз үшін ерекше. Осы қасиеттеріңізбен сіздер өмірімізге мән беріп, қиын сәттерде бізге тірек бола білесіздер.
Қазақ қоғамында ғасырлар бойына әйелдер қауымы қашанда үлкен рөл атқарды. Күні бүгінге дейін халық жадында Томирис, Айша бибі, Бопай ханым және басқа да өз заманының озық тұлғасы бола білген ел аналарының есімдері сақтаулы. Бүгінде сіздер өз міндеттеріңізді адал атқара отырып, осы жолды лайықты жалғастырып келесіздер.
Мерекеге орай сіздерге денсаулық, бақыт, махаббат және амандық тілейміз! Әр күн қуанышқа толы болып, армандарыңыз орындала берсін!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы