Бас тақырып

Облыс әкімі мен мәслихат төрағасының құттықтауы

Сурет: okg.kz сайтынан

Құрметті арулар, ардақты аналар!

Сіздерді 8 наурыз – Халық­аралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн сіздердің даналықтарыңыз бен сұлулықтарыңыздың, сарқылмас күш-жігерлеріңіздің символы іспетті. Қазақ халқы ежелден қыз баласын аялап, оған ерекше құрметпен қараған, тәрбиесіне зор көңіл бөлген. Бүгінде ел жадында ел анасы атанып, елдік іс пен Отан қорғауға атсалысқан Домалақ ана, Қызай ана, Қарқабат, Айша бибі, Бопай ханым сияқты тарихи тұлғалардың есімдері сақталған.

Әйелдер қауымы отбасының ұйытқысы, бала тәрбиелеп, ертеңгі болашағымыздың жарқын болуына үлес қосып, отағасына тірек, ақылшы болып осы арқылы қоғамдағы отбасы институтының сақталуына үлес қосып келеді.

Аяулы аруларымыз отбасы тіршілігімен қатар күнделікті қызметтерін жауапкершілікпен атқарып, ғылым, бизнес, білім және тағы басқа салаларда еңбек етіп, жауапкершілік пен жоғары кәсібиліктерімен танылуда.

Қадірлі аналар, әпке-қарындастар! Біз барлықтарыңызды осынау мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Бақытты болыңыздар!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button