Облыс әкімі Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 1992 жылғы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері Көк байрақ, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран бекітілді. Олар біздің ұлттық бітім-болмысымыздың және халқымыздың өр рухының символы іспетті. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – еліміздің тарихына, мемлекет пен мемлекеттік тілге, бізді біртұтас халық ретінде қалыптастыратын мәдениет пен дәстүрге құрмет көрсету деген сөз.
Мемлекеттік рәміздер бізді мемлекеттік мерекелер мен спортшылар жеңіске жеткен мерейлі сәттерде біріктіріп, патриоттық сезімімізді нығайтып, рухымызды көтереді. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілік пен келісімге негізделген ең маңызды құндылықтарының көрінісі.
Біз сіздерді осы маңызды мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, барлығыңызға бақыт пен амандық тілейміз. Қазақстан өркендеп, бірлігіміз нығайып, Тәуелсіздік туы бейбіт аспанымызда желбірей берсін!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.