Ресми

Облыс әкімі медицина қызметкерлері күнімен құттықтады 

Медицина саласында қызмет ететін дәрігерлер мен барша қызметкерлерді Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл мереке күні біз барлық денсау- лық сақтау саласы қызметкерлеріне, медбикелер мен дәрігерлерге, санитар- ларға олардың қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамыз. Сіздердің қамқорлықта- рыңыз бен қолдауларыңыз, кәсіби ше- берліктеріңіз адам өмірін сақтап қалуда үлкен рөл атқарады.

Бүгінде облысымызда денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударылып, ауруханалар жөнделіп, фельдшерлік-акушерлік бекеттерді салу қолға алынуда. Жалпы алғанда, денсау- лық сақтау нысандарының материал- дық-техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөлінуде.

Біз әрқашанда азаматтарымыздың денсаулығы сенімді қолда екеніне се- неміз және осынау ел алдындағы адал еңбектеріңіз үшін сіздерді ерекше құр- мет тұтамыз.

Кәсіби мерекелеріңізге орай сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға аман- дық, қызметтеріңізге табыс тілейміз.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Нұркен ҚОБЖАНОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы. 

Басқа материалдар

Back to top button