АймақБас тақырыпҚарағанды
Облыс әкімі Е. Бөкетов университетінде болды
12 сәуір – Қазақстанның ғылым қызметкерлері күні. Мереке қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Е. Бөкетов университетінің ұжымын «Зерттеу университеті» мәртебесінің берілуімен құттықтады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 258 қаулысымен бекітілген университеттің 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын талқылады.
Қарағанды облысы әкімі жанындағы ғылыми-техникалық кеңестің жұмысын жаңғырту, өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдерімен кеңес өткізу және басқа да мәселелер туралы шешім қабылданды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz