АймақБас тақырып

Облыс әкімі дауыс берді

Ел тарихындағы маңызды саяси науқан – бүкілхалықтық референдум күні Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзінің азаматтық таңдауын жасады. Өңір басшысы дауыс беру учаскесіне ерте келіп, бұл қадамның тек саяси міндет қана емес, әрбір қазақстандықтың ертеңіне деген жауапкершілігі екенін атап өтті.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

– Мен бүгін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің, өзімнің және балаларымның болашағы үшін таңдау жасауға келдім. Жаңа Конституция – бұл жаңа мүмкіндіктер мен тың бастамалардың негізі. Әрбір азаматтың бүгінгі таңдауы ел дамуының алдағы онжылдықтардағы бағытын айқындаса керек, – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Аймақ басшысы таңдау жасаған №17 референдум учаскесінде таңсәріден халықтың қарасы қалың. Аталған учаскеде барлығы 2222 сайлаушы тіркелген. Саяси науқанның ерекшелігі де сол, мұнда азаматтық құқығын алғаш рет пайдаланып, 18 жасқа енді толған 59 жасөспірім өз таңдауын жасамақ.

Ермағанбет Бөлекпаев өз сөзінде референдумның мемлекеттік маңызымен қатар, оның әрбір отбасы үшін маңызды екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, облыс көлеміндегі сайлау учаскелерінің жұмысына жоғары баға беріп, техникалық және құқықтық дайындықтың мінсіз екенін тілге тиек етті.

Ерік НАРЫН
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button