Қоғамның қозғаушы күші – БАҚ өкілдері
Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Кәсіби мерекелеңізбен шын жүректен құттықтауларды қабыл алыңыздар!

Қазіргі қоғамда журналистің рөлін асыра бағалау қиын. Сіздердің, яғни, теледидар, радио, баспа және онлайн-басылымдар қызметкерлерінің арқасында біз күн сайын еліміздегі және одан тыс жерлердегі оқиғалар туралы объективті, өзекті және маңызды ақпарат аламыз.
Бұл мамандыққа жоғары жауапкершілік, шындыққа ұмтылу, белсенді азаматтық ұстаным мен іске деген адалдық тән. Қарағанды облысының журналистері – кәсібиліктің, принципшілдіктің және бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның жарқын үлгісі.
Сіздер азаматтық қоғамды нығайтуға, демократиялық құндылықтарды дамытуға және ұлтты біріктіруге өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Журналистік қызмет — ерлік пен ерік-жігерді, талант пен барынша беріліп еңбек етуді қажет ететін сала.
Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, тың тақырыптар мен шынайы ризашылығы мол аудитория тілейміз. Қашан да бойларыңызды күш-қуат, шабыт пен өз миссияларыңыздың маңыздылығына деген сенім серік етсін!
Мерекелеріңізбен!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.