Бас тақырыпРесми

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды жеке қабылдап, өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдауға Қарағанды, Шахтинск, Приозерск қалалары мен Қарқаралы ауданының тұрғындары қатысып, бейнеконференция арқылы өзге өңірлерден де өтініштер жолданды. Көтерілген мәселелер тұрғын үймен қамту, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары, жұмысқа орналасу, дәрілік қамтамасыз ету және инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты болды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қарағанды қаласының тұрғыны Деповская көшесінде көше жарығының жоқтығын және жолға жөндеу жүргізу қажеттігін айтты. Инфрақұрылымдық мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде. Аталған көшеде кәріз желілері ауыстырылған, қаржыландыру бөлінгеннен кейін биыл асфальт төсеу және жарықтандыру тіректерін орнату жоспарланып отыр.

Бірқатар өтініш берушілер тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, олардың арасында мүгедектігі бар азаматтар және өрт салдарынан баспанасыз қалған адамдар бар. Оларға әлеуметтік қорғалатын санаттарға жататын азаматтарға тұрғын үй беру тәртібі түсіндірілді.

Барлық өтініштер қолданыстағы заңнама нормаларын ескере отырып, жеке тәртіппен қаралатын болады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button