Бас тақырып

Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығында тұрғындарды қабылдады. Онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамсыздандыру, бизнесті қолдау мәселелері көтерілді.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Нұра ауданы Жараспай ауылының тұрғыны елді мекенде ауыз судың жоқтығына шағымданды. 2023 жылы су құбырлары салынды. Алайда тұзсыздандыру станциялары ешқашан салынбаған. Аудан әкімі кідіріс мердігерге байланысты екенін түсіндіріп, мәселе шешіліп жатқанына сендірді.

– Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету – бірінші кезекте тұрған міндет. Біз бұл мәселеге ерекше назар аударуымыз керек, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өңір басшысы әрбір өтініш берушіні мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің әрқайсысы бойынша бейінді ведомстволардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Барлық өтініштер бақылауға алынды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button