Ресми

Облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті

Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен және этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті. Жылды қорытындылай келе, өңір басшысы Ассамблея мүшелерінің ел бірлігін нығайтудағы ерекше рөлін және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті.

– Сіздер біздің барлық бастамаларымыздағы сенімді серіктестерсіздер. Сіздердің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңіз баға жетпес. ҚХА мүшелерінің арасында өз қалалары мен аудандарында әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысатын табысты бизнесмендер аз емес. Сіздер экономиканың аграрлық және басқа да секторларын дамытуға қомақты үлес қосасыздар, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Біздің кездесуіміз жаңа жыл қарсаңында өтуде. Барлық қатысушыларды алдағы Жаңа жылмен құттықтаймын! Сіздерге және жақындарыңызға Отанымыздың игілігі үшін денсаулық пен өркендеу тілеймін!

ҚХА өкілдерімен кездесу Достық үйінде өтті. Ашық диалог форматында Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізді.

– Біздің ассамблея жылды қоғамдық пікір көшбасшылары, түрлі деңгейдегі мамандар мен кәсіпкерлер қатысатын біртұтас топ ретінде аяқтайды. Ауызбіршілігіміз жай ғана көзбояушылық емес. Біз бір-бірімізді бірнеше жылдан бері білеміз. Сол тандемде келесі жылы да жұмыс істейтін боламыз, – деп қорытындылады облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Вилен Молотов-Лучанский.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button