АймақБас тақырыпҚарағанды
Облыс әкімі Абай ауданының тұрғындарымен кездеседі
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Өңір басшысы тұрғындармен кездесуден соң, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 15 тамыз күні сағат 15:00-де Абай қаласының мәдениет үйінде өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) (8-72131) 4-48-00 телефоны арқылы және abai@akimat09.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.